USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

22 жастағы қызды күштеп алып қашпақ болған жігіт айыппұлмен құтылды

Фото: sntat.ru
Фото: sntat.ru
Күдікті қыз көнбеген соң үйіне апарып тастаған.

Атырауда тал түсте қыз алып қашпақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оның бұл ерсі қылығы әлеуметтік желіге таралып, көпшіліктің ашуын туғызған. Алайда жас жігітке тек айыппұл салынды. 

Жазбада жігіттің 22 жастағы қызды күштеп көлікке отырғызып жатқанын көруге болады. Ал шарасыз күйге түскен ару жанұшыра айғайлап, қарсылық танытқан. Бірақ осы жайтты видеоға түсіріп тұрған адам көмекке ұмтылмаған. 

Полицияның мәліметінше, күдікті қыз көнбеген соң үйіне апарып тастапты. Екеуі бір-бірін жақсы таниды. Тіпті, көңіл жарастырып, қыз бен жігіт ретінде сөйлесіп те жүрген екен. Сондықтан жәбірленуші арыз жазудан бас тартыпты. 

"Әлеуметтік желіде таралған автокөлікке әйел адамды күштеп мінгізген бейнежазбадағы 22 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. 22 жастағы әйелдің арыз-талабы жоқ. Күдіктіге "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деді Атырау қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.  

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау