USD: 470.7 / 473.7
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

22 қарашадан бастап Алматыда жаңа қоғамдық көлік бағыты жұмысын бастайды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Алматыда №84 жаңа автобус бағыты ашылды.

22 қарашадан бастап Алматы қаласында қоғамдық көліктің жаңа №84 бағыты іске қосылады. Бұл туралы "Алматыэлектротранс" коммуналдық автопаркі хабарлады.

Жаңа бағыт "Мөңке би / Оңғарсынова" аялдамасынан басталып, "№7 қалалық ауруханаға" дейін жүріп, қайтадан бастапқы нүктеге оралады. Кері бағытта қатынайтын №84А автобусы SMALL супермаркетінен шығып, "Мөңке би / Оңғарсыноваға" дейін барып, сол жерден қайта SMALL-ға бағыт алады.

Екі бағытта да барлығы 6 автобус қызмет көрсетеді. Жолаушыларға қолайлы болу үшін қозғалыс аралығы – 20 минут. Автобустар күн сайын сағат 06:00-ден 23:01-ге дейін жүреді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау