Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге қымбаттап, 518,66 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 518,19 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 519,49 теңгеден сатып алынады, 520,50 теңгеден сатылады. Еуро 598,16 – 602,76 теңге, ал рубль 6,44 – 6,56 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 519,25 теңгеден сатып алынады, 522,84 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 597,66 теңге, сату - 604,37 теңге. Ал рубль 6,44 - 6,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07