Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510-514 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 21 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510, 78 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,35 теңге. Еуро — 576,06.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 571, сату құны — 576.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514,5 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 570 теңгеден сатып алынып, 577 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,19-6,35 аралығында саудаланып жатыр.
USD:
480.7 / 483.5
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.75 / 5.95