Тікелей эфир

2098 қазақстандық із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Олар кімдер?

Көбінесе 30-49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады.

2098 хабар-ошарсыз жоғалғандар. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

  • Алматы қаласы – 278 адам;
  • Қарағанды облысы – 217 адам;
  • Павлодар облысы – 170 адам;
  • Алматы облысы – 152 адам.
  • Үйден кетіп, оралмаған – 1 572 адам,
  • автокөлікпен жоғалған – 73 адам,
  • жұмыстан кеткен – 38 адам.

Көбінесе 30-49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады. Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады


Алматы қаласында (496), Астана қаласында (183), Шымкент қаласында (149), Алматы облысы (164), Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде.

Серіктестер жаңалықтары