Тікелей эфир

2050 жылға қарай Шығыс Қазақстан халқының саны 25 пайызға жуық азаяды – болжам

Ал демографиялық өсімді Астана мен Шымкент қалаларында және Маңғыстау облысында байқауымыз мүмкін.

Қазақстанда урбандалу деңгейі жыл сайын өсіп келеді. 2019 жылы ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 62 пайызға дейін жеткізу жоспарланғанын, ЭЫДҰ елдеріндегі орташа деңгей 77% болғанын мәлімдеді. Алайда 2022 жылдың өзінде аталған көрсеткішке қол жеткізіліп, ауыл халқының үлесі 38,5 пайызға дейін төмендеді. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы барлық ірі қалаларда сальдо оң динамиканы көрсетті. Өңіраралық көші-қон ағындарында тек республикалық маңызы бар қалалар мен Алматы облысында ғана оң нәтиже болды. Бұл урбанизациядағы негізгі үш бағытты белгіледі.

"Оңтүстік және оңтүстік-шығыс – Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстары халық ағыны бойынша топ-3 өңірге кірді. Маңғыстау және Ақмола облыстарында шамалы өзгерістер байқалды. Бұл Астанаға жақын маңдағы ауылдар мен қалалардан келетін адамдардың аз ғана ағынын көрсетеді. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының базалық сценарийінде ең көп демографиялық өсім Астанада күтілуде, онда халық 2030 жылға қарай – 27-35%, ал 2050 жылға қарай – 2-2,3 есеге, сондай-ақ Шымкент қаласында және Маңғыстау облысында өсуі мүмкін", – делінген FFG зерттеуінде. 


Оқи отырыңыз: Қазақстаннан шетелге жұмыс іздеп кететін жастардың саны артты


Сондай-ақ мамандар 2030 жылға қарай Солтүстік Қазақстан облысының халқы 8-11%, 2050 жылға қарай 30-39%, Қостанай облысында 2030 жылға қарай 4-8% және 2050 жылға қарай 19-27%, Шығыс Қазақстан облысында 2030 жылға қарай 3-7% және 2050 жылға қарай 14-23% қысқаруы мүмкін екенін болжады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
5

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары