Қазақстандықтардың 200 мыңнан астамы enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу үшін зейнетақы жинақтарын пайдаланды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 1,5 трлн теңгеден астам қаражат аударды. 176 млрд теңге 45 күннің ішінде пайдаланылмаған қаражат ретінде БЖЗҚ-на қайтарылды. 205 659 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге тең зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі – әйелдер (64 685) және үштен екісі – ер адамдар (140 974).
- Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр – 33 682 адам. Олар жалпы сомасы 312 млрд теңге пайдаланған;
- Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы – 32 216 адам. Елорда тұрғындары 197 миллиардқа жуық теңге қолданған;
- Үшінші орында Алматы қаласы – 27 396 адам. Алматылықтар жалпы сомасы 213 миллиардқа жуық теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.
Оқи отырыңыз: Онлайн зейнетақы калькуляторы. Жинақтан мерзімінен бұрын қанша ақша алатыныңызды есептеңіз
БЗТ-ін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу үшін:
- Маңғыстау облысының 40 пен 59 жас аралығындағы ер азаматтары жиі пайдаланған;
- Әйелдер арасында Нұр-Сұлтан қаласының 40 пен 59 жас аралығындағы қыз-келіншектері көш бастап тұр.
БЗТ-ін "Отбасы банкінде" ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде қолданған:
- 9 359 қазақстандық қайталама нарықтан тұрғын үй таңдаған. Олар жалпы 167 млрд теңгеден астам сома жұмсады;
- Қалған 1 729 адам алғашқы нарықтан тұрғын үй алуды жөн көрген. Олар 36 млрд теңгеден астам сома жұмсады;
- 100-ден астам адам зейнетақы төлемдерін құрылыс, жөндеу және қайта қаржыландыруға жұмсаған – 2 млрд теңгеден астам.
07.07.2021 жылғы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары:
- 37 428 клиент "Отбасы Банкіндегі" заем бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық);
- 27 646 клиент ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық);
- 109 830 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу);
- 11 254 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша "Отбасы банкінен" ипотекалық тұрғын үй заемын алды;
- 5 591 клиент ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде);
- 2 351 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді;
- 302 клиент жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды;
- 11 257 клиент емделу ақысын төледі.