2030 жылға қарай мобильді технологиялар мен қызметтер Еуразия ЖІӨ-нің 8,3 пайызын құрайды

GSMA бас директоры Вивек Бадринатх
GSMA бас директоры Вивек Бадринатх
Сондай-ақ мобильді қосылулардың 41 пайызы 5G желісіне тиесілі болады.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан GSMA M360 Eurasia конференциясы аясында 2025 жылғы GSMA Mobile Economy Eurasia есебі жария болып, сала бойынша болжамдар таныстырылды. Оған сәйкес, мобильді байланыстың Еуразия экономикасына қосатын үлесі 2030 жылға қарай 270 миллиард долларға жетеді. 

Есеп авторларының айтуынша, мобильді технологиялар өңірде цифрлық трансформацияны жеделдетіп, экономиканың өсуіне оң ықпалын тигізіп отыр. 5G интернет желісінің енгізілуі Еуразияның цифрлық экожүйесін қалыптастыруда маңызды рөлге ие. 

"Байланыс – экономикалық өсімнің қуатты көзі, бизнес пен мемлекеттік қызметтерді трансформациялаудың құралы. Өткен жылы мобилді технологиялар мен қызметтер Еуразияның жалпы ішкі өнімінің 7,7 пайызын қамтамасыз етсе, бұл шамамен 220 миллиард долларға тең. Ол 2030 жылға қарай 270 миллиард долларға дейін өседі деген болжам бар. M360 Eurasia – өңірдің цифрлық дамуын әріптестік арқылы жеделдету мәселесін, саладағы инновацияларды талқылауға арналған жақсы алаң", – деп атап өтті GSMA бас директоры Вивек Бадринатх. 

GSMA Mobile Economy Eurasia есебінде өзге де қызықты болжамдар жасалып нақты мәліметтер ұсынылған. Мысалы: 

  • 2030 жылға қарай барлық мобильді қосылулардың 41 пайызын (143 миллион) 5G желісіне қосылу құрайды.
  • 2024 жылы мобильді интернетте Еуразия халқының үштен екісі (164 миллион адам) қолданды. 
  • Прогреске қарамастан, Еуразияда 80 миллионға жуық адам әлі де мобильді интернетті қолданбайды. Дегенмен, олардың басым көпшілігі мекен ететін аймақтарда мобилді интернет қолжетімді. 

Конференция аясында қазақстандық Kaz-LLM жобасы арнайы марапатқа ие болды. Қазақстандық зерттеу институттары мен QazCode (Veon) Барселона суперкомпютерлер орталығы мен GSMA Foundry қолдауымен әзірлеген бұл жобаның мақсаты – цифрлық даму деңгейі төмен тілдер үшін жасанды интеллектіні дамытудағы кедергілерді жою. Қазіргі таңда Kaz-LLM қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін қолданады. 


Оқи отырыңыз: Ташкентте жасанды интеллект, 5G және цифрлық дамуға арналған халықаралық конференция өтеді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары