2027 жылға қарай 10 халықаралық әуежайда биометриялық идентификация іске қосылады

Бұл шаралар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі.

Алдағы екі жыл ішінде Қазақстанның 10 әуежайында жолаушылардың биометриялық идентификациясы енгізіледі, деп хабарлады жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Көлік министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі көлік саласының цифрлық трансформация картасын бекітті. Құжатқа сәйкес, 2027 жылға қарай 10 халықаралық әуежайда биометриялық идентификация іске қосылады.

Сонымен қатар, картаға мынадай жоспарлар енгізілген:

  • теміржол маршруттарының 55 пайызында интеллектуалды жүйе енгізу;
  • 2029 жылға қарай автомобиль өткізу бекеттерінде "жасыл дәлізді" толық іске асыру.

Коняшкиннің айтуынша, бұл шаралар шекарадан өту уақытын қысқартуға, жүк пен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ транзиттік әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз