Тікелей эфир

2027 жылға дейін Абай мектептері Қазақстанның барлық өңірінде ашылады

Қазіргі таңда олар 12 өңірде жұмыс істейді.

Алдағы төрт жыл ішінде Қазақстанның 8 өңірінде Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектептер ашылады.

Қазіргі таңда мұндай мектептер 12 өңірде жұмыс істесе, 2027 жыл соңына дейін Қазақстанның қалған өңірлерінде де Абай мектептері оқушыларды қабылдайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың мәжіліс депутаттарына берген жауабынан белгілі болды. 

Қазақстанда желілік мектептерді дамыту мақсаты "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында" жазылған. Осы орайда бүкіл республикадағы Абай атындағы желілік мектептер үшін Алматыдағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернат базалық әдістемелік орталық болып белгіленген. 

Абай мектептерінен бөлек, Қазақстанда Орынбек Жәутіков атындағы мамандандырылған IT мектептерін және физика, математика, информатика, химия және географияны тереңдетіп оқытатын Қаныш Сәтбаев атындағы мектептер желісін құру да жоспарланып отыр. 


Оқи отырыңыз: Мектеп формасы мен құралдарына – 40 567 теңге. Оны кімдер және қалай ала алады?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары