USD: 477.3 / 479.9
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

2026 жылы ЖОО және колледж студенттеріне арналған 18 жатақхана ашылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Олар жалпы саны 7 мыңға жуық студентті жатын орынмен қамтамасыз етеді.

Қазақстанда 2026 жылы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 11 және колледж студенттеріне арналған 7 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жалпы орын саны – 6857. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарына берген жауабында жазылған. 

Оның мәліметінше, елімізде 2018-2025 жылдары 72 125 орындық 281 жатақхана (оның ішінде ЖОО студенттері үшін – 51 323 орындық 182 жатақхана, колледж студенттері үшін – 20 802 орындық 99 жатақхана) салынып, пайдалануға берілген. Олардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына мемлекеттік қаражаттан бөлек, бизнестің қаржылай күші де тартылған. 

"Бұл 2018 жылдан бері жатақханалардағы орын тапшылығын 83,6 пайызға қысқарды. Нәтижесінде жоғары оқу орындарындағы орын тапшылығы 5 176-ға дейін және колледждерде 4,9 мың орынға дейін азайды", – деді Олжас Бектенов. 

Сондай-ақ, премьер-министрдің жауабынан "StudDom" ақпараттық жүйесін "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" АЖ-мен және жоғары оқу орындарының білім беру ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды. 

Жоспар бойынша бұл мерзім 2026 жылғы желтоқсан болып белгіленген. 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау