2026 жылғы 14-15 ақпанда Бурабайда "Қазақстанның ет индустриясындағы ірі қара: болашақтың жол картасы" тақырыбында Dala Camp Forum 2026 халықаралық мал өсірушілер форумы өтеді.
Оның мақсаты – экспортқа, қайта өңдеуге, тұрақты сату моделіне және Қазақстанның өңірлік көшбасшылығын нығайтуға бағытталған алдағы 10 жылға арналған етті мал шаруашылығын дамыту стратегиясын қалыптастыру.
Ұымдастырушылардың хабарлауынша, Dala.Camp Forum Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және алыс шетелден келген 150-ге жуық делегат – фермерлер, репродукторлар, бордақылау алаңдары, қайта өңдеушілер, инвесторлар, салалық сарапшылар, сондай-ақ халықаралық институттардың өкілдерін біріктіреді.
Спикерлер қатарында ДЖДҰ Бас директорының Халықаралық ғылыми мәселелер және стандарттар жөніндегі орынбасары Монсеррат Арройо Курибрена, "Атамекен" ҰКП Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов, Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев, "ТЕRRА" компаниялар тобының бас директоры Ердос Тапаев, Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Құсайынов, "Қазақстан Ангусы" республикалық палатасының директоры Дәурен Салықов және тағы басқалар тіркелген.
"Ет экспорты бір реттік мақсат емес, бүкіл сала үшін ұзақ мерзімді міндет. Dala.Camp кәсіби қоғамдастықтың біріктіру нүктесі ретінде құрылады, онда Қазақстанның өңірлік және әлемдік нарықта орнықты тұғырға қалай ие болатыны туралы жалпы түсінік қалыптасады", – деді Dala.Camp жобасы және қазақстандық Turan қауымдастығы кіретін Zengi Group компаниялар тобының жетекшісі Жәнібек Кенжебаев.
Форум аясында Қазақстанның өңірлік және әлемдік нарықтар үшін премиум сиыр етінің әлеуетті өндірушісі ретіндегі рөлі қарастырылады. Ветеринариялық салауаттылық және халықаралық стандарттарға сәйкестік мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Ал шараның маңызды ерекшелігі – оффтейк-келісімшарттар жүйесіне практикалық қолжетімділік болмақ: жоба алаңында малшылар Turan қауымдастығына мүшелікті рәсімдей алады және аса болжамды және тиімді сату шарттары негізінде ірі сатып алушылармен жұмыс істей алады.
lw-3094948329-1
USD:
511.9 / 514.9
EUR:
601.0 / 606.0
RUB:
6.41 / 6.53