Тікелей эфир

2025 жылы "Болашақ" стипендиясына құжаттар қашан қабылданады

Фото: Primeminister.kz
Фото: Primeminister.kz
Бағдарлама конкурсы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығына белгіленген.

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжат қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін белгілеп, оны жария талқыға ұсынды. 

Бұйрық жобасына сәйкес:

  • құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 3 наурыз бен 17 қазан аралығы; 
  • конкурс өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығы. 

Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, 2024 жылы "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. 

Оларға сәйкес, енді халықаралық және  республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын бакалавриат сатысында оқыту үшін жеке квота бекітіледі.

Сондай-ақ, студенттер екі серіктес ЖОО базасында ғылыми зерттеулер жүргізе алатын Split PhD докторантурасын енгізу ұсынылды. Басым мамандықтар тізімі басым бағыттар тізімі деп өзгертілді.

Тағы бір өзгеріс – "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарайтын комиссия пайда болады. Құжатта шығындарды өтеу және стипендиаттардың басқа да сұраулары бойынша рәсімдердің ашықтығы мен шешім қабылдау процесін реттеу үшін комиссия құрылады. Үміткерлерге мотивациялық хат – еркін нысанда эссе жазу қажет.

2024 жыл соңында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 271 қазақстандық азамат халықаралық "Болашақ" стипендиясының иегері атанды.

Серіктестер жаңалықтары