USDUSD: 501.3 / 503.9
  • EUREUR: 542.5 / 546.5
  • RUBRUB: 5.79 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

2025 жылы әскерге 42 098 азамат шақырылады. Бектенов қаулыға қол қойды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Сондай-ақ, мыңға жуық запастағы офицер әскери қызметін өтейді.

2025 жылы 18 жастан 27 жасқа дейінгі саны ер азаматтарды әскер қатарына шақыру туралы президент жарлығын іске асыру бойынша үкімет қаулысына премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. 

"Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі саны 42 098 ер азаматты 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыру жүргізілсін", – делінген қаулыда. 


Оқи отырыңыз: 2025 жылы мыңға жуық запастағы офицер әскери қызметке шақырылады


Еске салайық, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады, оның ішінде:

  • ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
  • ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 4 адам.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары