2025 жылы 3 мың әскери міндетті адам бір айлық жиынға шақырылады

Фото: Информбюро порталы
Фото: Информбюро порталы
Бұл уақытта олардың жұмыс орны сақталып, орташа жалақы мөлшерінде ақша алады.

Қорғаныс министрлігі биыл – 2025 жылы әскери жиындарға шақырылатын әскери міндетті қазақстандықтардың санын жариялады. Ол 2024 жылғы 3 мың адам сан мөлшерінде өзгеріссіз қалды. Ал 2022 және 2023 жылдары екі есе аз – 1500 адамнан шақырылған болатын. 

Қорғаныс министрлігінің түсіндіруінше, әскери жиындардың негізгі мақсаты – бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру, соғыс уақытында жасақтау аудандарында жұмылдыру және жасақтау кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын өрістетуге қажетті әскери оқытылған ресурсты даярлау және запаста жинау.

"Осындай әскери жиындар 2007 жылдан бастап жыл сайын 30 күндік мерзіммен өткізіледі. Әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталады, оларға мемлекет есебінен орташа жалақы, ал жұмыс істемейтін әскери міндеттілерге ең төменгі жалақы төленеді. Әскери міндеттілерді жиындарға және одан кері тасымалдау теміржол немесе автомобиль көлігімен жүргізіледі, сондай-ақ оларды тамақтандыру ҚР Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен жүргізіледі", – делінген министрліктің түсіндірме жазбасында.


Оқи отырыңыз: 2024 жылы 3 мың адам әскери жиындарға шақырылады. Бұл өткен жылдан екі есе көп


Жиындарға шақырылған барлық әскери міндеттілер казармада болады. Оларды бөлімнен шығаруды Ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен рота командирлері (жиындар бастықтары) жүргізеді.

Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, қылмыс жасағаны, сондай-ақ мемлекетке келтірілген материалдық зиян үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді. 

Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соқтырады.

Еске салайық, 2025 жылы әскер қатарына 41 706 азамат шақырылады. 


Оқи отырыңыз: 2025 жылы әскер қатарына 41 706 азамат шақырылады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
2

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары