Тікелей эфир

2024 жылы Қазақстанда Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылады

Ол мемлекет пен ірі бизнес деректерін біріктіреді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазақстанда Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосуды тапсырды. Платформа мемлекет пен ірі бизнес деректерін біріктіріп, олардың өзектілігі мен қолжетімдігін қамтамасыз етеді.

"Мемлекеттік органдарда жинақталған ұшы-қиырсыз деректер қорына қолжетімділік шектеулі болуына байланысты оның әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отыр. Бұл жерде ақпараттың "ашықтық презумпциясын" басшылыққа алу керек. Smart Data Ukimet арқылы анонимді деректерге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Мен бұл жерде барлық ақпараттың анонимді болғаны әрі сенімді қорғалғаны жөн екенін айтып отырмын. Жеке деректердің таралып кетуіне қатысты барлық қауіпті жою керек", – деді президент.

Мемлекет басшысы бұл орайда 2024 жылы Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қоcуды тапсырды. Платформа мемлекет пен ірі бизнес деректерін біріктіріп, олардың өзектілігі мен қолжетімдігін қамтамасыз етуге тиіс. 


Оқи отырыңыз: Президент 2 жылда жасанды интеллектіге маманданған дата-орталықтар салуды тапсырды


 

Серіктестер жаңалықтары