USDUSD: 542.3 / 544.7
  • EUREUR: 638.0 / 642.0
  • RUBRUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +16C
Все города

2024 жылы отбасы құрған қазақстандықтардың 18,2 пайызы аралас некеге тұрған

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алғашқы некеге тұрғандардың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелген. 1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті – 6,13.

Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада (7,34), Алматы облысында (6,98) және Ұлытау облысында (6,70). Ең азы – Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58 құрады. 2024 жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрғандардың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды.

Фото: Ұлттық статистика бюросы 

Жалпы қиылған некенің 18,2% – аралас неке. Некеге тұрған қыздардың 41 пайызында жоғары білім бар. Ал ерлердің 38%-ы жоғары оқу орнында оқыған. Айлар бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ең азы – мамырда (8453).

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары