Тікелей эфир

2024 жылғы ораза 11 наурызда басталады. Не істеп үлгеру қажет

Биыл Рамазан айы 11 наурыз бен 10 сәуір аралығына сәйкес келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен 2024 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл ораза 11 наурызда бастау алады. Діни басқарма әзірге ораза кестесін жариялаған жоқ. 

Хижра жыл санауы бойынша қазір Шағбан, яғни Рамазанға дайындық айы өтіп жатыр. Соған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразаға дейін істеп үлгеру қажет істер тізімін хабарлады. 


Оқи отырыңыз: ҚМДБ 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 11 наурыздан бастау алады


Ораза қарызын өтеу. Өткен жылдың оразасынан қаза болған күндер болса, оларды жаңа Рамазан айына дейін өтеген абзал. Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан Рамазан айына дейін өтеу шарт емес. Дегенмен, абзал. 

Қарыздан құтылу. Мұсылмандарға Рамазан айына дейін қарызынан құтылып, аяқталмаған істерін мәресіне дейін жеткізу уәжіп болып саналады. 

Ниет ету. Ораза ұстау – Жай міндеттердің бірі болмауы тиіс. Оған одан шын ниетімен келуі тиіс. Сондықтан Рамазан айына дейін мұсылмандар жан дүниесімен ораза ұстауға бекініп, шын ниет етуі қажет. 

Ағзаны дайындау. Рухани дайындықтан бөлек, Ораза алдында адам ағзасын шыңдауы қажет. Бұл үшін, ащы, тұзды, майлы, ауыр тамақтардан, кофе және газдалған сусындардан бас тартып, тамақтану тәртібін ретке келтіруі тиіс. 

Ораза ұстау. Қарыз оразасы болмаған жағдайда да Шағбан айында ораза ұстау сүннет саналады. Парыз емес. Шағбан айында ораза ұстау адам ағзасын Рамазан айының оразасына дайындауға көмектеседі. 


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары