Тікелей эфир

2024 жылға дейін Алматыда 45 мың үй жануарына микрочип орнатылады

Ұрықсыздандыру мен кастрация бағдарламасы жылына 2 рет – ақпан мен тамызда жүргізіледі.

Алматы қаласында 45 мың үй жануарына чип орнатылады. Сондай-ақ, ит пен мысықтарға құтыруға қарсы екпе салынады. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ветеринария бөлімінің жетекшісі Әйгерім Жақсылық мәлімдеді. 

Ведомство өкілінің айтуынша, чип адасқан жануарларды үйге қайтаруға және иесін немқұрайлылық үшін жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Мұнымен қатар, алматылықтардың үй жануарлары туралы барлық дерек PetControl бірыңғай базасына енгізіледі.

"Үй иттері мен мысықтарын ұрықсыздандыру мен кастрациялау мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады. 2024 жылға қарай Алматыда 28 000 жануар осы процедурадан өтеді. Бағдарлама үйсіз үй жануарларының санын гуманистік реттеуге бағытталған. Өйткені, үй жануарларының балалары жыл сайын қаңғыбас жануарлардың санын арттырып отыр. Ал стерилизация мен кастрация бағдарламасы жылына 2 рет – ақпан мен тамызда жүргізілетін болады. Бұдан өзге 2024 жылға дейін 45 000 үй жануарына микрочип орнатылады. Сондай-ақ, барлық ұйым жануарларға чип орнатуға міндеттеледі", – деді Әйгерім Жақсылық.

Қаңғыбас жануарларды гуманистік реттеу бағдарламасы аясында жануарлар паналайтын орындардың жұмысының бірыңғай тәртібін әзірлеу жоспарлануда. Жануарларды ұстау шарттары ескеріледі. 

"Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатыр. Оған 51 747 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бағдарлама қыркүйектің ортасында басталады. Алматы қаласында үй жануарларын ұстау мен серуендеу ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ерікті жануарлар құқығын қорғаушылар жүргізетін болады", – деп қосты бөлім жетекшісі Әйгерім Жақсылық. 

Бұған қоса полиция мен ветеринарлық қызметкерлер бірігіп жануарларға зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу шараларын жүргізеді. 

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстанда Сібір жарасы індеті анықталған жайылымдар 15 күн карантинге жабылатыны туралы хабарлаған едік. Облыста бір тұрғын сиыр етінен Сібір жарасын жұқтырып, ауруханаға түсті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары