Тікелей эфир

2024 жылдан бастап ата-аналар балаларын оқыту үшін ақша жинайды

Келесі жылдан бастап "Келешек" бағдарламасы іске қосылады.

Қазақстанда болашақта білім беру гранттарына қатысты өзгерістер болуы мүмкін. 2037 жылдан бастап Жоғары білім және ғылым министрлігі студенттерге берілетін білім гранттарының санын азайтады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Келесі жылдан бастап «Келешек» бағдарламасы іске қосылады. Бұдан былай ата-аналар балаларының болашағы үшін ай сайын арнайы есепшотқа ақша салып отыруы тиіс. Министрдің айтуынша, жыл сайын бала туу көрсеткіші өсіп келе жатқандықтан, болашақта мемлекеттік грант санын көбейтуге мүмкіндік болмайды.

"Бір ғана шарт қоямыз. Минималды шарт. Ата-ана ай сайын есепшотқа  3450 теңге аударып отырса, баласы 17-18 жасқа жеткенде есепшотта 12 миллион теңге жиналады", – деді ҚР Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек.


Оқи отырыңыз: Бала үшін жеке мектеп дұрыс па, мемлекеттік мектеп дұрыс па?


"Келешек" жинақтаушы жүйесінен бөлек, "Ұлттық қор балаларға" жобасы арқылы мемлекеттен түсетін қаражатты қосқанда баланың білім алуына мүмкіндік беретін ақша жиналады. Министрдің пікірінше, бұл ата-аналардың бойында қаржы жинау дағдысын қалыптастарды.

Сарапшылар министрлік бұған дейін грант санын көбейтіп, экономиканы тығырыққа тіреп қойды деген пікірде. Олардың пікірінше, ююджет қаржысын үнемдегісі келсе – шекті балды көтеріп, ең үздігін ғана грантпен оқыту керек.

"Меніңше, ата-аналардың жинаған ақшасы ештеңеге жетпей қалады, өйткені жыл сайын оқу бағасы қымбаттайды. Оған инфляцияны қосыңыз. Тіпті тұрақсыз экономика да бұған әсер етеді. Министрлікке грант санын қалай азайтуды емес, сол гранттарды қалайша мақсатты пайдалануға болады дегенді ойлау керек", – деді сарапшы Жанна Меңдібаева.


Оқи отырыңыз: 818 талапкер "Қазақстан халқына" қорының грант иегері атанды.


 

Серіктестер жаңалықтары