Тікелей эфир

2024-2025 оқу жылы да 25 мамырда аяқтала ма, әлде 1 маусымға дейін созыла ма

Жаңа оқу жылы 34 оқу аптасынан тұрады.

2024-2025 оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйектен басталып, 2025 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасынан белгілі болды.

2025 жылғы 25 мамыр жексенбі күнге сәйкес келеді. 

Бұрйыққа сәйкес, мектептегі оқу тоқсандары мен демалыстарының ұзақтығы келесідей белгіленген: 

  • І тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (28 қазан мен 3 қараша аралығы);
  • ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (30 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығы);
  • ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (21-31 наурыз аралығы);
  • 1-сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (3-9 ақпанды қоса алғанда).      
  • IV тоқсан – 8 оқу аптасы.

Қорытынды аттестаттау мерзімдері:

  • 9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 29 мамыр мен 9 маусым аралығы;
  • 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 30 мамыр мен 12 маусым аралығы.

Оқи отырыңыз: Мектеп бітірушілеріне арналған "Соңғы қоңырау" шарасы 25 мамырда өтеді


Еске салайық, 2022-2023 оқу жылы 1 маусымға дейін созылып, бұл бастама көптеген ата-аналар тарапынан сынға ұшырады. кейінгі, 2023-2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталды. Бұл күн сенбіге сәйкес келуіне байланысты және Қазақстандағы су тасқыны себепті соңғы қоңырау салтанаты тек мектеп бітіруші сыныптар үшін ұйымдастырылды. Ал қалған сынып оқушылары 24 мамырда сынып сағатына қатысты. 

 

Серіктестер жаңалықтары