Қала тұрғындары несиені Отбасы банкінің желісі бойынша алады.
Шымкент қаласында 2023 жылдың соңына дейін "Отбасы банкі" желісі бойынша тиімді мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үй беру жалғасады, атап айтқанда, жыл соңына дейін 1 мыңнан астам пәтер тапсырылады. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте белгілі болды.
Кеңеске қатысушылар "Сайрам" елді мекенінде сумен жабдықтау объектілерін, Алматы тас жолы бойындағы "Тұран" магистральдық кәріз коллекторын салу және қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады. Мәселен, осы жылдың өзінде 11 шақырымнан астам автожолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша 2023 жылы ұзындығы 9 шақырым жылумен жабдықтау желілерінің әбден тозығы жеткен жерлерін реконструкциялау басталады. Бұдан басқа әкімдік Спортивный шағын ауданындағы қазандықты реконструкциялауды және жаңа сорғы станциясының құрылысын жоспарлап отыр.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы Шымкент тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтылады
Алдағы екі жылда көп қабатты тұрғын үйлер салу бойынша да қажетті шаралар қабылданады. Олардың қатарында Бозарық (1 640 пәтер) және Ақжайық (780 пәтер) шағын аудандары бар.
Сондай-ақ кеңесте "Қайнарбұлақ" тұрғын алабын газбен жабдықтау, "Жұлдыз", "Бозарық" және "Тассай" индустриялық аймақтарына инфрақұрылым жүргізу, МӨЗ айналасында мұнай шикізатын терең өңдеу бойынша өндірістер құру, оңтүстік өңірлік хаб құру аясында сауда-логистикалық орталықты кеңейту, инвестициялық және тағы басқа жобаларды іске асыру үшін ӘКК жер учаскелерін беру тетігін жетілдіру мәселелері қаралды.
Премьер-министр Шымкенттің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін белгіленген жоспарларды сапалы және уақытылы іске асырудың маңызын атап өтті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-