Жыл соңына дейін 51 курс қазақ тіліне аударылады.
Coursera-ның 654 курсы қазақ тіліне аударылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет кулуарында айтты.
"Бізде оқытылмаған немесе керекті деңгейде берілмеген 654 курсты қарап шықтық. Соларды келесі жылы толыққанды қазақ тіліне аударамыз. Жылдың соңына дейін 51 курс қазақша аударылады. Келесі жылдың қаңтарынан бастап қазақ тілінде берілетін болады", – деді Саясат Нұрбек.
Оқи отырыңыз: Студенттер шәкіртақысы 2030 жылға дейін 4 есе артады
Айта кетейік, министр үкімет отырысында жасаған баяндамасында студенттерге білім алу үшін қажетті әлемдік цифрлық ресурстар қолжетімді болатынын айтқан еді. Соның ішінде Coursera, EdX және тағы басқа курстар бар.
"Жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктері оларды білім беру бағдарламаларына енгізу үшін өзекті курстарды іріктеу бойынша талдау жүргізді. Бұл курстарға академиялық кредиттер көзделеді. Өткізілген жұмыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларына енгізу үшін өзекті курстар іріктелді. 654 Coursera курсы мен 650 білім беру бағдарламаларының тізімі жасалды және ол 1 500 пәнге қолданылуы мүмкін", – деді министр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿Азия ойындары: бүгін Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысады
-
312
-
1
-
8
-
-
2🥤Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты
-
284
-
0
-
9
-
-
3🧑⚖️Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды
-
266
-
0
-
6
-
-
4🥳🥈Қоржынға тағы екі күміс медаль
-
257
-
0
-
10
-
-
5🏅Төртінші алтын!
-
256
-
0
-
14
-
-
6💵Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 65 тұрғын жауапқа тартылды
-
242
-
0
-
5
-
-
7💊Астана полицейлері мефедронның 2 мыңнан астам дозасын тәркіледі
-
229
-
0
-
5
-
-
8🐬Бразилияда 39 Цельсия градусқа (Фарангейт бойынша 102 градус) дейін көтеріліп, 100-ден астам дельфин қырылып қалды
-
233
-
0
-
6
-
-
9📣Қазақстанның бірқатар өңірлерінде нысандарға жылу беріле бастады
-
232
-
0
-
5
-
-
10💬Жеке деректері қолды болған қазақстандықтарға SMS арқылы хабар беріледі
-
227
-
0
-
2
-