Республикада биыл 583 мың жаңа жұмыс орны ашылды
2022 жылы Қазақстанда 3 миллионнан астам қызметкердің жалақысы көтерілді, деп хабарлады үкімет сайты.
- дәрігерлердің еңбекақысы – 30%-ға;
- мұғалімдердің еңбекақысы – 25%-ға;
- бюджет саласының басқа да қызметкерлерінің еңбекақысы 10-50%-ға өсті.
Елде бастапқыда 444 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланғанымен, 583 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Өсім 31 пайызды құрады.
Оқи отырыңыз:
- Ең төменгі жалақы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 70 мың теңге болады
- Миллион теңгеден артық жалақы алу үшін қай мамандықтарды меңгерген жөн?
Биыл ғалымдардың жалақысы екі есеге өсті. Ғылым саласындағы жас мамандарды қолдау және ынталандыру мақсатында 1000-нан астам грант бөлінді. Сондай-ақ дарынды ғалымдарға (35 жасқа дейінгілерді қоса алғанда) жыл сайын 50 мемлекеттік ғылыми стипендия беріледі. Ал 2023 жылы студенттердің шәкіртақысын көтеру жоспарланып отыр.
Алдағы бес жылда шағын несиені қолжетімді қыла түсу арқылы ауыл тұрғындарының кірісін арттыру жобасына 1 триллион теңге бөлінеді. Жоба Жамбыл облысында сынақтан сәтті өтті. Енді жоба 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамту үшін барлық өңірге таралады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперациясына жеке үй шаруашылықтарының жартысы тартылып, 350 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болады деп күтіледі. 2023 жылы оны орындауға 70 миллиард теңге қарастырылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-