Тікелей эфир

2022 жылғы мемлекеттік төңкеріс әрекеті қалай жоспарланды? Жаңа деректі фильм жарыққа шықты

"Қаңтар". Мемлекеттік төңкеріс әрекеті. Оқиға қалай өрбіді" деректі фильмін қазақстандық телеарналар көрсетті.

Фильмде әр күн мен әр сағат негізінде қазақстандық қалалардың көшелерінде оқиғалардың қалай өрбігені, дағдарыс қалай еңсерілгені туралы негізгі шешімдердің қалай және қашан қабылданғаны көрсетілген.

Жаңа деректі фильмде қаңтар трагедиясы оқиғаларының эксклюзивті құжаттары, фото және бейнематериалдары көрсетілген. Көрермендерге 2022 жылдың қаңтар күндерінде болған оқиғаның толық бейнесі ұсынылды. 

Деректі фильмде елдің 11 аймағында митингілер ұйымдастырылғаны айтылады. Сонымен қатар, осы аудандар мен қалаларда бейбіт әлеуметтік наразылықтар мемлекеттік билікті құлату үшін экстремистік талаптармен жаппай бұзақылықтарға ұласты. Қастандық жасаушылардың басты әрекеті жанжалды қоздыруға бағытталған еді.

Деректі фильм қаскөйлер болжамдаған сценарий бойынша оқиғалардың 4 толқынын көрсетеді: 

1-толқын. Бейбіт митингілер

1-3 қаңтарда бейбіт митингілер өтті (елдің бірқатар аймақтарында).

Мақсаты – арандатушылар мен содырларды көпшілік арасына енгізу үшін халықты көшеге шығару.

2-толқын. Тәртіпсіздіктер, қирату, өртеу

4-5 қаңтарда іске асырылды (ішінара бірқатар өңірлерде, толығымен Алматыда). 

Мақсаты – хаос пен тәртіпсіздік атмосферасын құру, тонау ұйымдастыру, қару-жарақ дүкендерін басып алу, өртенген көліктерден баррикадалар жасау.

3-толқын. Ғимараттарды басып алу:

әкімшілік, күштік құрылымдар, БАҚ, көлік (әуежай) және ақпараттық (БАҚ, телемұнара) коммуникациялар. Кепілге алу, билік өкілдеріне қатысты қоғамдық зорлық-зомбылық. 

5-6 қаңтарда іске асырылды (ішінара Алматыда).

Мақсаты – халық арасында қорқыныш пен дүрбелең, үрей туғызу, заңды биліктің дәрменсіздігін көрсету, сонымен бірге әкімдіктерге, полицияға, БАҚ-қа, әуежайларға және тағы басқа символикалық түрде өз бақылауларында екенін көрсету.

4-толқын. Сириялық сценарий

Іске асырылған жоқ.

"Ұйықтап жатқан" радикалды жасақтардың көтерілуі. Шетелдік содырларды тарту. Мақсаты – ел бойынша жекелеген бандиттік және террористік анклавтар құру. Жекелеген аймақтарда билікті басып алу.

Қаңтар бүкіл елді дүр сілкіндірді, бұл кезең билікті басып алу мақсатында ауқымды мемлекеттік төңкерістің алдын-ала мұқият жоспарланған әрекеті ретінде тарихқа енді.

Серіктестер жаңалықтары