USD: 481.1 / 483.7
  • EUR: 548.5 / 553.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Жыл соңына дейін Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласында 5G іске қосылады

Вице-министрдің айтуынша, ауылдарға 5G тартылмайды.

5G технологиясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді және қазір бұл желі тестілеуден өтіп жатыр, деп мәлімдеді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек.

"Елімізде 5G 2022 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан секілді қалаларда жұмыс істей бастайды деп жоспарланып отыр", – деді Асхат Оразбек.

Әрі қарай вице-министр 2023-2024 жылдары 5G желісінің облыс орталықтарында да жұмыс істей бастайтынын айтты.

"Ауылдарға 5G тартылмайды", – деп қосты Асхат Оразбек.

Еске салсақ, Қазақстанда 58 мектептің интернет желісіне мүлдем қосылмағаны туралы хабарлаған едік. Ал 192 мектептегі интернет күші сайтарды ашуға жетпейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз