USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

2022 жыл "Ислам – ынтымақ және бірлік діні" деп жарияланды

ҚМДБ халықты бірлікке, тыныштыққа шақыруға үндейтін насихат жұмыстарын күшейтеді.

Елордада өткен жиналыста Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2022 жыл "Ислам — ынтымақ және бірлік діні" деп аталатынын мәлімдеді.

Ол жыл басталғалы бері елімізде біршама тәртіпсіздік жағдайлары орын алып, ел тұрғындарының ынтымағы мен бірлігіне сызат түсіретін бейберекетсіз әрекеттер жасалғанын атап өтті.

"Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халқымызды бірлікке, тыныштыққа шақыруға үндейтін насихат жұмыстарын күшейте түсуі қажет. Сондықтан, 2022 жылды "Ислам – ынтымақ және бірлік діні" деп атап, сол бағытта жыл бойы тиісті іс-шараларды атқаруды тапсырамын", — деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиынға Діни басқарманың бөлім басшылары мен Орталық аппарат қызметкерлері, сондай-ақ өңірлердің бас имамдары онлайн режимде қатысты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау