Тікелей эфир

2022 жылы Қазақстанға 4,3 млн азамат кірсе, олардың үштен бірі Ресейден келген

ІІМ Миграциялық қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай бақылауда екенін хабарлады.

Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артуына байланысты ІІМ Миграциялық қызмет комитеті миграциялық жағдайдың бақылауда екенін хабарлады.

"Бірде-бір шетелдік азамат біздің мемлекеттің аумағына миграциялық заңнама талаптарын сақтамай өте алмайды. Еуразиялық экономикалық одан елдерінен Қазақстан Республикасына келетін иммигранттар ел аумағында 90 күннен артық бола алмайды", – деді ІІМ Миграциялық қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанға 4,3 млн шетелдік азамат кірсе, шыққандары саны 4,1 млн. Оның ішінде Ресей Федерациясынан келгендер саны 1 660 мың болса, Ресейге шыққандар саны 1 640 мың.


Оқи отырыңыз: Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялады


Бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті де хабарлама жасап, шекарадағы жағдайдың бақылауда екенін айтқан. 

"Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалады. Ахуал ерекше бақылауда. ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады", - делінген комитеттің ресми хабарламасында.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары