Тікелей эфир

2000 жүгіруші қатысты: Astana Marathon 2023 жеңімпаздары анықталды

Марафонға Қазақстанның түрлі қалаларынан және басқа елдерден 2 мыңға жуық жүгіруші қатысты.

Астана әкімдігінің мәліметінше, жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және Австралия, Ұлыбритания, Германия, Польша, Португалия, Ресей, Испания, АҚШ, Нидерланд, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдерінен екі мыңға жуық адам қатысты.

42.2 км шақырымында ер адамдар үлесі – 90,91% және әйелдер үлесі – 9,01% болды. Қатысушылардың жасы 16 және 76 жас аралығында. Жарысқа елімізге танымал әртістер, мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері, спортшылар мен жүгіру клубтарының мүшелері қатысты.

"Біздің жігіттер қысқа уақытта балама бағыттарды таба алды. Осы орайда, еріктілерге де алғысымды білдіргім келеді. Жас екеніне қарамастан, барлығы тәжірибелі болып шықты. Қатысушылардың жағдайын жасап, барлығын жедел түрде ұйымдастырды", – деді Astana Marathon жетекшісі Гауһар Брамлей-Фентон.


Оқи отырыңыз: 3 қыркүйекте Astana Marathon 2023 өтеді.


Марафонның 18 жастан асқан қатысушыларына 42,2 шақырым, 16 жастан жоғары желаяқтарға 10 шақырым ұсынылды. Марафон қатысушылары мен қонақтары көңіл көтеретін бағдарлама мен фитнес жаттықтырушылардың ұйымдастырған дене қыздыратын жаттығуына қатысты. Әрбір 5 шақырымда қатысушыларға су ұсынылды. 42.2 шақырымға жүгірген марафоншыларға изотоникалық сусындар берілді.

Серіктестер жаңалықтары