Тікелей эфир

200 студентке 100 мың теңгеден бір реттік шәкіртақы тағайындалды

Іріктеуге республика бойынша 854 студенттен өтінім түскен.

Dauletten қайырымдылық қоры ұйымдастырған "Білімнің жұлдызы – 2023" байқауының қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 200 студентке 100 мың теңгеден бір реттік шәкіртақы тағайындалды. Іріктеуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 854 студенттен, оның ішінде ЖОО бойынша 774, колледж студентінен 80 өтінім түсті. Жеңімпаздарды анықтауда мотивациялық хат, оқу үлгерімі мен әлеуметтік жағдайлары ескерілген.

"Шәкіртақы иегерлерінің басым көпшілігі көпбалалы отбасылардан, толық емес жанұяда өскендер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының екеуінде де немесе біреуінде мүгедектік бар жандар және мүмкіндігі шектеулі студенттерден болды",– дейді қор жетекшісі Жасұлан Қуандық. 

2019 жылы бастау алған "Білімнің жұлдызы" қайырымдылық жобасы еліміздегі білімді, әрі талантты жастарды қолдап келеді.

 

Серіктестер жаңалықтары