"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды бас көлік прокуратуарысының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты "Жақсы-Есіл – Бузулук" автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 миллион теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.
Келісімшарттың заңды бұза отыры жасалғаны және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған.
"Сотталғандар сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада.