Тікелей эфир

200-ден астам мерекелік іс-шара: Астанада Республика күні қалай тойланады?

Астанада Республика күні қарсаңында 200-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі объектілерде де, тұрғын үй алаптарының аумағында да, білім беру ұйымдарында және тағы басқа орындарда өтеді.

"Биыл Республика күнін мерекелеу аясында елордада 200-ден астам мәдени-бұқаралық, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған көрікті жерлерге экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлерінен турнирлер өткізу, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына азық-түлік себетін тарату және басқа да көптеген іс-шаралар жоспарланып отыр", – деді Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.

Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі объектілерде де, тұрғын үй алаптарының аумағында да, білім беру ұйымдарында және т.б. орындарда өтеді. Республика күніне орай бірқатар ірі спорттық іс-шараларды өткізу жоспарланған.

  • 21-22 қазанда конкурдан Қазақстан Республикасының чемпионаты;
  • 23 қазаннан 6 қарашаға дейін жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты өтеді. Көрермендер үшін спорт жарыстарына кіру – тегін.

Оқи отырыңыз: Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген және өзге өнер иелерінің гала-концертке қатысу қаламақысы қандай?


Мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева елордада жоспарланған мәдени іс-шаралар туралы айтты:.

  • 23 қазан күні Астанадағы М.Горький атындағы орыс драма театры «Әлия» драмасымен театр маусымын ашады деп жоспарланып отыр.
  • 24 қазан күні сағат 18:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
  • 24 қазан "Наз" мемлекеттік би театрының "Республикам – Қазақстан" атты мерекелік концерті өтеді. Басталуы 19:00-де.
  • 24 қазан күні "Барыс Аренада" сағат 20.00-де қазақ елінің атын әлемге танытып жүрген, бірдей үш әуеннің басын қосып, күйдің құдіретін әлемге сезіндірген "Ұлытау" тобының 25 жылдығына орай концерт өтеді.

Оқи отырыңыз: Арқалықта 1500 домбырашы бір уақытта күй тартты.

Сонымен қатар, осы күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, Астана қаласының 5 ауданының шет аймақтарындағы тұрғын алаптарында мерекелік концерттер өткізіледі. 

Серіктестер жаңалықтары