USDUSD: 498.9 / 501.9
  • EUREUR: 542.5 / 548.5
  • RUBRUB: 5.71 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +12C
Все города

20 наурызда республика оқушылары бір мезгілде күй тартады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Челлендж сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай өтеді.

20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектептерде республикалық челленджі өтеді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі. 

Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, патриотизмді нығайту, ұлттық мәдени мұраны сақтау және балалар арасында домбыра өнерін насихаттау. 

"Домбырашылар челленджі – бұл балалар, жастар, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық шеберлігін танытатын және бүкіл елді домбыра үнімен біріктіретін ерекше шара. Оған барлық тілек білдіруші қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж "Біртұтас тәрбие" бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен "Наурызнама" іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады", – деді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов. 

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтеді. Бұл күндері тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар және ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылады.


Оқи отырыңыз: "Қазақтан бұрын домбыра болған". Домбыраның тарихын білесіз бе?


 

Серіктестер жаңалықтары