USD: 469.1 / 471.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

195 орам көгілдір отынмен қамтылды

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам-195 орамға газ берілді.

Салтанатты шараға бір топ халық қалаулылары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов сынды мәжілісмендер, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. 

Аталған орамда 800-ден астам үй қоныс тепкен. Нақты 4140 халық тұрады. Көгілдір отынға қол жеткізген халық енді көмір тасып, күл шығармайтын болдық деп, қуанып отыр. 

– Көптен бергі арманымыз орындалды. Қыстың күні бүрсең қақпай, аяздарда тоңбайтын болдық, – деді ақжаулықты аналар.

Естеріңізде болса, шаһар басшысының тапсырмасына сай, Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орамды газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған еді. Балтыр жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, жұмыстар 100 %-ға аяқталған. Құжаттары дайын болған тұрғындар газды үйді-үйлеріне кіргізіп алуда. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз