Қазгидромет ел аумағында 19 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Жоғары қысым алқабының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронтальды бөлімдер өтуімен, найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжанады. Елдің солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
"Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде 35-38°с дейін қатты ыстық күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі", – деп хабарлады Қазгидромет.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
"Алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде. Температуралық фонға келетін болсақ, солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 жылуға дейін төмендейді деп күтілуде, еліміздің қалған бөлігінде өзгерістер күтілмейді", – деп жазды Қазгидромет.