Ұлттық банктің ресми бағамы - 519,41 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,98 теңгеге арзандап, 518,19 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 519,41 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 518,78 теңгеден сатып алынады, 520,61 теңгеден сатылады. Еуро 597,13 – 602,69 теңге, ал рубль 6,35 – 6,47 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 516,53 теңгеден сатып алынады, 523,53 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 595,48 теңге, сату - 603,55 теңге. Рубль 6,39 - 6,54 теңге аралығында саудаланып жатыр.
USD:
506.5 / 509.5
EUR:
590.0 / 595.0
RUB:
6.47 / 6.59