Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516—522 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 19 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,63 теңге. Еуро — 596,27.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —518 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 595 сату құны — 600.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 594 теңгеден сатып алынып, 604 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,48—6,68 аралығында саудаланып жатыр.
USD:
457.9 / 460.7
EUR:
536.0 / 541.0
RUB:
5.97 / 6.09