Прямой эфир Новости спорта

183 оқушы республикалық олимпиадада алтын медаль иеленді

Алтын жүлде саны 2021 жылғы көрсеткіштен 61-ге көп.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың ақтық кезеңінің қорытындысы бойынша 183 оқушы алтын медаль жеңіп алды. Ал 274 оқушы күміс және 462 оқушы қола медаль иеленді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Олимпиада Oqylyq.kz платформасында электронды форматта өтті. Жеңімпаздар іріктеуден кейін олимпиадалық резервке түсіп, оларға оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады.  Нәтижесінде Қазақстанның намысын IMO сияқты ауқымды халықаралық олимпиадаларда қорғайтын ұлттық құрама жасақталады", – деді "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Биыл медальдар саны былтырмен салыстырғанда көп. 2021 жылы республикалық олимпиадада 122 қатысушы алтын, 214 күміс және 349 қола медаль жеңіп алған болатын.


Оқи отырыңыз: Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі онлайн форматта өтеді


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары