18 сәуірге ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Фото: Константин Бобылев, "Глобус"
Фото: Константин Бобылев, "Глобус"
Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа райы күрт суытады.

"Қазгидромет" синоптиктері 18 сәуірде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының шығысында түнде көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде тұман түседі, облыстың шығысында, таулы аудандарда күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары