Тікелей эфир

18 мың теңге: FlyArystan күзден бастап Астанадан Қытайдың Үрімші қаласына қатынайды

Астана – Үрімші бағытындағы билеттердің ең төмен құны – 18 мың теңге, ал ұшу ұзақтығы – 2 сағат 40 минут.

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Астана – Үрімші – Астана жаңа бағыты бойынша әуе билеттерін сата бастады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Ұшақ Қытайға аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Астана – Үрімші бағытындағы билеттердің ең төмен құны – 18 мың теңге, ал ұшу ұзақтығы – 2 сағат 40 минут.

Бортқа өлшемі 56*23*36 сантиметрден, салмағы 5 килограмнан аспайтын бір қолжүгі кіреді.

"Астана – Үрімші – Астана жаңа бағыты Қазақстанның астанасын Қытайдың батысындағы ең дамыған қалалардың бірі – Үрімшімен байланыстырады. Қала Шыңжаңның солтүстік және оңтүстік бөліктерін байланыстыратын маңызды көлік торабында орналасқан және шекаралық сауданы дамытуға бағытталған географиялық пен этнографиялық артықшылықтарға ие. Шыңжаң Ұйғыр өлкесі мен Қазақстанның тілдері, діні, тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлері ұқсас, ал бұл өз кезегінде әріптестіктің дамуына тамаша жағдай туғызады. Біз жолаушыларымызға 180/188-орынды жайлы Airbus A320 ұшақтарында орындалатын қолжетімді рейстерге тамаша мүмкіндік беруге қуаныштымыз", – деді әуекомпанияның маршруттық желісін жоспарлау жөніндегі директоры Ренат Әбілханов.


Оқи отырыңыз: FlyArystan енді елордадан Ақтөбе мен Оралға қатынайды


Еске салсақ, FlyArystan әуе компаниясының Астанадан Өзбекстанның Ташкент қаласына рейстер ашқаны туралы хабарлаған едік. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары