Өз қатарынан төмен сыныпта білім алатын балаларда оқуға ынта жоқ, дейді педагог.
Ашық диалог порталында мектеп педагог-психологы Татьяна Давыденконың сауалы жарияланды. Оның айтуынша, мектепте террористік қызметтен зардап шеккен балалар білім алады. Алайда, оларды елге қайтарылғаннан кейін төменгі сыныптарға белгілеген.
"Балалардың ең ересегі 17 жаста, алайда ол 8 сыныпта оқиды. Оның қатары мектеп бітіріп жатыр не қазір колледжде білім алады. Қатарынан кем болуына байланысты балада оқуға деген ынта жоқ. Оны мектепке тек жауапкершілік пен борыш сезімі жетелейді", – деп жазды Татьяна Давыденко.
Мектепте одан бөлек 14 (6-сынып), 11 (4-сынып) жастағы балалар білім алады.
Татьянаның сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова комитет бұл оқиғаны бақылауға алатынын хабарлады. Сондай-ақ, ол террористік қызметтен зардап шеккен балалармен жұмыс мұндай балаларды әлеуметтік бейімдеу ережесіне сәйкес жүргізілетінін еске салды. Ереженің 10-бабына сәйкес, жергілікті білім беру басқармасы бұл санатқа жататын бала туралы мәлімет түскеннен кейін оған психологиялық, медициналық және педагогикалық консультация беріледі.
"Комитет бұл жағдайды бақылауға алады, алайда кәмелеттік жасқа толмаған балалармен жұмыс қолданыстағы заңнама аясында жүргізілуі тиіс", – деп жауап берді Насымжан Оспанова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☂️☀️Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
419
-
0
-
4
-
-
2🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
325
-
0
-
0
-
-
3⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
303
-
0
-
5
-
-
4🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
275
-
0
-
5
-
-
5✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
260
-
1
-
2
-
-
6👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
210
-
0
-
3
-
-
7Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
194
-
0
-
0
-
-
8🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
196
-
0
-
2
-
-
9⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
212
-
0
-
0
-
-
10😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
199
-
0
-
1
-