Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520—527 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 17 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 522,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,06 теңге. Еуро — 547,88.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526,5 теңге. Еуро 547,5—554,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 546 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99—5,13 аралығында саудаланып жатыр.