Тікелей эфир

17 маусымнан бастап Астанадан Алматы мен Шымкентке қосымша пойыздар қатынайды

Олар жаздың соңына дейін қызмет етеді. Билеттер қазірден бастап сатылып жатыр.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ республикалық үш маңызды қаланың басын қосатын қосымша пойыздарды іске қосуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, пойыздар №204/203 "Астана – Шымкент" және №202/201 "Астана – Алматы" бағыттары бойынша күнделікті 17 маусымнан 31 тамызға дейін жүреді.

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қосымша пойыздарға билеттер bilet.railways.kz сайтында және "Жолаушылар тасымалы" АҚ теміржол вокзалдарының кассаларында қолжетімді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуды сұрайды. Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар билеттерді сату сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларында "Күту парағы" тегін қызметін пайдалана алады", – делінген компанияның баспасөз хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: ҚТЖ Алматы мен Атырау арасында тағы бір қосымша рейсті жолға шығарады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары