Биыл бірінші тоқсанда спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет көлемі 164,9 млрд теңгені құрады. Яғни, бір жыл бұрынғыдан 39,1 пайызға көбейді. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Өңірлер бойынша осы салада қызмет ең көп көрсетілген өңірлер қатарында Алматы қаласы бар.
"Одан кейін Астана (15 млрд теңге), Қарағанды облысы (4,9 млрд теңге) және Шымкент (4,9 млрд теңге) қалалары бар. Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген: 939,1 млн теңге" – делінген хабарламада.
Спорттық қызмет саласы 46,9 млрд теңге болғанымен, оның ішінде фитнес клуб қызметі керісінше 6,8 млрд теңгеге дейін төмендеген. Ал демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 118 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 41,3 пайызға ұлғайған.