15 тамыздағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Еуро 629,19 — 634,18 теңге, ал рубль 6,67 — 6,78 теңге аралығында саудаланады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,77 теңгеге қымбаттап, 540,87 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,03 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,35 теңгеден сатып алынады, 542,49 теңгеден сатылады. Еуро 629,19 — 634,18 теңге, ал рубль 6,67 — 6,78 теңге аралығында саудаланады.

Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 538,61 теңгеден сатып алынады, 545,59 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 624,08 теңге, сату — 635,59 теңге, ал рубль 6,72 — 6,83 теңге аралығында саудаланады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары