Тікелей эфир

15 қарашада "Медеу" мұз айдынында биылғы сырғанақ маусымы ашылады

Сеанстардың кестесі мен бағасын мұз айдынының веб-сайтынан білуге болады.

Алматыдағы Медеуде коньки тебу маусымы 15 қарашада ашылады. Мұз айдынындағы дайындық жұмыстары аяқталу сатысында. Бұл туралы кешеннің баспасөз қызметі хабарлады.

Алаңға мұз төгу жұмыстары басталып кетті. Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін 15 қараша күні сағат 10:00-ден бастап "Медеу" биік тау мұз айдынында қоғамдық коньки тебуге болады. Ал маусымның ашылу салтанаты сағат 13:30-да болады.

Мұз айдынының ашылу бағдарламасында коньки тебушілердің мұз айдынында өнер көрсетуі, жүлде ұтысы, флешмоб, әртістердің өнер көрсетуі, сонымен қатар кешеннің ең белсенді қонақтарына сыйлықтар беріледі.

"Сеанс кестесі мен олардың бағасын "Медеу" мұз айдынының ресми сайтында білуге ​​болады. Билеттерді «Медеу» мұз айдынының сайтынан, кешеннің кассасынан, сондай-ақ kaspi.kz және Халық банкінің мобильді қосымшасынан онлайн сатып алуға болады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Медеу" табиғи паркіндегі жер учаскелері заңсыз үлестірілген


 

Серіктестер жаңалықтары