Егер жалпыхалықтық референдумда азаматтар жаңа Конституцияны қолдаса, елде Конституция күні 15 наурызда атап өтіледі. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.
Сенат төрағасы құжаттың қабылданған күні мен күшіне ену күні екі түрлі ұғым екенін түсіндірді. Оның айтуынша, өтпелі ережелер жобасында әңгіме дәл құжаттың қабылданған күні туралы болып отыр.
"Азаматтар өздері дұрыс деп санайтын шешімді қабылдауға құқылы. Ешкім олардың таңдауын шектемейді. Егер қолдау білдірсе, бізде жаңа Конституция және жаңа Конституция күні болады. 15 наурызды жаңа Конституция күні деп атап өтуіміз мүмкін", – деді Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13