Тікелей эфир

15 мамырда телевидение мен радио жұмыс істемейді

Бұл күні профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Биылғы 15 мамырда (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

"Телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді", – делінген министрліктің хабарламасында. 

Сall-сenter: 193, +7 (727) 2 581 500, 8 8000 800 193.


Оқи отырыңыз: 1,5 миллион теңгелік бизнес грантқа өтініш 20 мамырдан бастап қабылданады


 

Серіктестер жаңалықтары