"Қазгидромет" Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде қар жауады.
"Еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын шашын, еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады", – делінген хабарламада.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында боранмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, күндіз солтүстік-батысында-көктайғақ, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
USD:
481.1 / 484.1
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.77 / 5.97