14 ақпандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Фото: Matritca.kz
Фото: Matritca.kz
Еуро 525—520 теңге аралығында құбылып тұр.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 498–504 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 497,88 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге. Еуро — 518,59.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 504 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 525—520 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 504 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,35-5,51 аралығында саудаланып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары